До завершения акции "Дом мечты" осталось:

Почта

info@asyladam.org

Контакты

+7 707 659 58 85
8 (7172) 25 57 32

Қордың бағдарламалары

 

Еліміздің өркендеп дамуына үлес қосу әр қайсымыздың перзенттік борышымыз.

Осы бағытта «MEYIRIMDI ASYL ADAM»  қоғамдық-қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыларды баспанамен және жұмыспен қамтумен айналысады. Қазіргі таңда қор мына жобаларды іске асыруда:

1.      «Арман үй» - Қарағанды  ​​облысындағы өрттен кейін баспанасыз қалған көп балалы мұқтаж отбасыларға Ақмола облысы Целинаград ауданыңда алпыс пәтерлі  тұрғын үй салу үшін қажетті қаражат жинауға бағытталған.

2.      «Бақытты отбасы» - мега-жобасы Қазақстанның бірқатар қала, аудандарында көпбалалы мұқтаж отбасыларды пәтермен қамтамассыз етуді мақсат етеді. Бұл жоба «Болашаққа бағдар»  Рухани Жаңғыру бағдарламасы негізінде қолға алынып, еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуда үлкен рөл атқарып келеді.

3.      «Шаруа мекені» жобасы аясында Ақмола облысы Аршалы ауылында тұрғын үйлер салынып жатыр. Бұл үйлер көп балалы, мұқтаж немесе асыраушысынан айырылған отбасыларға тегін берілетін болады. Үймен бірге жылыжай және құс өсіруге арналған қора-жай беріледі. Қордың агроном мамандары алты ай бойы әр отбасыға кәсіпті жүргізуге көмек көрсетеді.