Арысқа көмек көрсету ушін:     бетке өтіңіз

Пошта

info@asyladam.org

Байланыс

+7 707 659 58 85
+7 7172 25 57 32

«Жақсы адамның белгісі» жапсырмасын тегін алыңыз

«ASYL ADAM» «Жақсы адамның белгісі» жапсырмасын тегін алуыңызға болады. Ол үшін Қордың сайттағы байланыс нөмеріне хабарласыңыз. Жақсы адамдар қатары көбеюіне ат салысыңыз.

Толық ақпарат алу үшін  www.asyladam.org сайтына кіріп, You Tube арнасына тіркеліп, біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан мәлімет ала аласыздар.

«ASYL ADAM» қоғамдық қайырымдылық қоры мұқтаж отбасына үй салуға көмек қолын созған азаматтарға осындай жабыстырма (наклейка) беріп жатырмыз.

Көшеде бір-біріңізді көріп қалсаңыз құрмет көрсетіп, бір кемшілігі болса айыпқа бұйырмай дос ретінде қараңыз. Біз әлемді махаббатпен жаулап аламыз.

Біз қаншалықты көп болсақ, соншалықты көп үйлер салуымызға болады. Сіздердің әрқайсыларыңыздың Қормен бірігіп, мұқтаждарды бірге қуантуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Жыл сайын өтетін "Жақсы адамдармен бірге" атты концерттік кешке де қатысуға болады. Бәріміз бір адамның баласымыз ASYL ADAM қатарына қосылыңыз. Сіздерге мың алғыс.

Асығыңыздар жақсылық жасауға! Жақсылық жасауда жарысайық!