Арысқа көмек көрсету ушін:     бетке өтіңіз

Пошта

info@asyladam.org

Байланыс

+7 707 659 58 85
+7 7172 25 57 32

«Мейірімділік керуеніне» қатысуға шақырамыз!

      Астана қаласында «ASYL ADAM»  қайырымдылық қорының  «Мейірімділік керуені» іс-шарасы жұмыс істеуде.  Бұл акция  мұқтаж отбасыларды тұрақты табыс және баспанамен қамтуды мақсат еткен Қордың «Арман Үй»  жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

«Мейірімділік керуені» қаламыздағы ірі сауда орталықтарының жанында екі күннен жұмыс істейді. Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, лимузин автокөлігінен қазақ тіліңде терме-күйлер ойнатылып, адамдарға бауырсақ таратылады. Сертификатпен қайырымдылық жасаған әрбір жан «Асыл Адам» қорымен бірігіп мұқтаж отбасыларға баспана салып беретін тамаша мүмкіндікке ие болады. «Мейірімділік керуені» мейірімділікті, ізгілікті насихаттап, халықты бірлікке шақырып, қайырымдылықтың тренд ретінде қалыптасуына үлес қосқысы келеді.

«Мейірімділік керуені» 1 наурыз күні «Достық Үйіне» келіп тоқтайды. Осы акция   «Арман Үй»  жобасы аясында 1 наурыз  «Алғыс айту» күні қайырымдылық  жәрмеңкесінде  қортындыланады. Жәрмеңкеде 2 бөлмелі пәтер, автокөлік және бағалы сыйлықтар ойнатылады. 

 

Осы ірі жобаны жүзеге асыру үшін Қор барлық бекзат, мейірбан, асыл адамдарды, халық зиялыларын  «Мейірімділік керуеніне» қонаққа келуге шақырады.

Толық ақпарат алу үшін  www.asyladam.org сайтына кіріп, You Tube арнасына тіркеліп, біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан мәлімет ала аласыздар.

Асығыңыздар жақсылық жасауға! Жақсылық жасауда жарысайық!