«Арман Үй» акциясының аяқталуына:

Пошта

info@asyladam.org

Байланыс

+7 707 659 58 85
+7 7172 25 57 32

Фонд туралы

«ASYL ADAM» қоғамдық қайырымдылық қоры – бұл мұқтаж отбасыларды  жұмыс жəне баспанамен қамту үшін барлық бекзат, мейірбан адамдарды бірлестіретін ұйым.

Бұл қоғамдық қордың барлық бірегей мега-жобасының мақсаты - қиын өмірлік жағдайда қалған  отбасылар үшін салынған үйлерді өтеусіз беру.       

Біздің басты мұратымыз -  қайырымдылық деген ұғымды, қазақстандық қоғамдағы жаңа трендке айналдыру.

«ASYL ADAM» қоғамдық қайырымдылық қоры міндеттері:

• Қазақстандықтар арасында қайырымдылықты дамыту
• Жобаға серіктестер мен демеушілердің басым бөлігін тарту
• Қазақстанның барлық аймақтарында Қордың өкілдіктері мен филиалдарын ашу
• Жоба құндылығы арттыру

          «ASYL ADAM» қорының қызметі адам өмірінің барлық саласын қамтитын табысты жобаларды жүзеге асыруға көмек пен инвестицияларды əзірлеуге бағытталған. Біздің көмегімізбен, әрі азаматтардың бей-жай еместігі ел тұрғындарының əлеуметтік қана емес, сонымен қатар экономикалық деңгейінің де көтерілуіне ықпалын тигізеді. Біз бірге адамдарға жай ғана көмек бермейміз. Біз қоғамдағы əлеуметтік дамудың жаңа векторына серпін береміз.

 • Күтілетін нəтиже: Тұрғындардың əл-ауқатты бола білуі үшін мəдениеттерін көтеру

 

 

Біздің қайырымдылық қоры Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларын, сондай-ақ  «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту стратегияларының негізгі ережелерін қолдайды.  

«ASYL ADAM» қорының қызметі табысты жобаларды жүзеге асыру үшін көмек пен инвестиция тартуға бағытталған.